$ 498.34  519.72  4.85

Әуежайда күйеуін көңілдесімен ұстап алған әйел айқайға басып, шаш жұлысты (ВИДЕО)

Колумбияның Рионегро қаласындағы әуежайда күйеуін көңілдесімен бірге ұстап алған әйел айқай-шу шығарып, төбелесуге дейін барды. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ер адам нақсүйерін ертіп алып, көрші Картахена қаласына демалуға бармақ болыпты.

Тіркеуден өткелі тұрған екеудің үстінен түскен әйел нақсүйердің шашын жұлып, күйеуін жағадан алған. "Өтірікші, мен сені өлтіремін", - деп айқайлаған әйел бүкіл әуежайды ьасына көтеріп, жұртты өзіне қаратты.

Куәгерлер болса жұбайлардың арасына түспеуді шешіп, түгелімен дерлік болған жайтты тек сырпттан бақылап тұрған. Кейбірі қызық көріп, ұялы телефондарының камерасына түсіріп алыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары