Жаңалықтар 06.07.2015 сағат 18:00

Лаңкестікке қатысты мәлімде жасалды

ҚР Сыртқы істер министрілігі Таяу Шығыс және Африкадағы жағдайдың нашарлануына қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Skifnews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Баспасөз қызыметінің хабарлауынша, қарапайым халықтың зардабына әкеп соққан лаңкестік іс-әрекеттер нәтижесінде Таяу Шығыс және бірқатар африкалық мемлекеттердегі жағдайдың нашарлануына байланысты Қазақстан алаңдаушылық білдіреді. Қазақстан Тунис, Кувейт, Мысыр және Нигерия халықтарына қайғы-қасіретіне ортақтастығын білдіріп, осы елдерде болған лаңкестік іс-әрекеттерге орай қөңіл айтады.

«Қазақстан, дүниежүзілік қауымдастықтың бөлігі ретінде, осы елдердегі жағдайға алаңдаушылық білдіре отырып, лаңкестіктің бар түрлері мен көріністерін табанды түрде кінәраттайды және осы құбылысты түп-тамырымен құрту үшін дүниежүзілік қауымдастықты нәтижелі ұжымдық шаралар қабылдауға шақырады. Қазақстан лаңкестік әрекеттер бүкіл әлемге қауіп-қатер төндіреді деп санайды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан ұстанымы халықаралық құқық қағидаттарына және БҰҰ ҚК тиісті қарарларына негізделетіндігі, экстремизм мен лаңкестікке қарсы БҰҰ аясында бірлескен шаралар қолдану және Таяу Шығыс және Африка елдеріндегі халықтың болашағы мен мүмкіндіктеріне кернеу салатын экономикалық және әлеуметтік мәселелер шешімінің жолдарын іздеу қажет екендігі айтылған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар