Ертіс ауданының 75 жасар тұрғыны Захан Әбілқас өзінің замандасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне ерекше сый жасады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Ақсақал Павлодарда өткен топ бәйгеге қатысып, 14 шақырымдық шабысын Президентке арнады. 10 баланың әкесі Захан ақсақал 2000 жылдардың басында Қазақстанға Моңғолиядан қоныс аударған. Сол елде 40 жылға жуық шахтер болып еңбек еткен. Ал ұлттық ат спортының түрлерін 50 жыл бойы серік етіп келеді екен.
Ертістік ақсақал Павлодарда «Құлагер» иппоромында Астана күніне орайластырған бәйгеден қалыс қалмай, Көккөз есімді сәйгүлімен 14 шақырымдық жолды шауып өтіп, ынталандыру сыйлығына ие боды. «Темір тұлпарларды ұнатпаймын. Жылқыға деген сүйіспеншілігім бөлек. Туған-туысқандарыма қонаққа барғанда салт атпен барғанды қалаймын. Қазақстанымыз гүлдене берсін! Елбасымызға зор денсаулық тілейміз, - дейді қарт шабандоз.