$ 445.66  474.58  4.78

Мұсылмандар зираты отқа оранды

Оралда мұнай қоймасының жанындағы мұсылмандар зираты отқа оранды. Өрт кешкі уақытта тұтанған. Жүзден астам қабір қызыл жалынға оранды, деп хабарлайды ктк телеарнасы.

Зираттың бір жағында мұнай базасы, екінші қапталында газ өндіру серіктестігінің орналасуына байланысты өрттің қаупі арта түскен. Болжам бойынша, жалын темір жол жақтан келіп, қураған шөптер мен ағаштар арқылы тез таралыпты. Кеше Оралда күн 34 градус ыстық болған. Сонымен қатар, жел де өрт сөндірушілердің жұмысына айтарлықтай кедергі жасады. Тілсіз жау 1 гектар аумақты күлге айналдырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары