$ 491.7  531.28  5.07

Оралда ер азамат қайын атасы мен енесін атып тастады

Оралда атыс болып, салдарынан 60 жастағы әйел қаза тапты. Оның 66 жастағы күйеуі ауыр халде ауруханаға түскен деп жазады "Мрй Город" порталы.

Оқиға кеше кешкі сегіздер шамасында "Құрылысшы" шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болыпты. БҚО Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, зейнеткер әйел жедел жәрдем жетем дегенше жан тапсырған.

"66 жастағы ер азаматтың ішіне оқ тиген. Ол қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді", - делінген басқарма мамандары таратқан хабарламада. Дегенмен, полиция да, прокуратура да бұл жайтқа қатысты әлі пікір білдірген жоқ.

Ал, осы үйдің тұрғындары болса қару қолданған адам марқұмның күйеу баласы дегенді айтып отыр.

"Күйеу баласы енесін атып өлтірді. Артынша қайын атасына оқ атты. Ол тірі қалды, оны жедел жәрдем алып кетті. Мен әйелдің жанұшыра айқайлап, көмекке шақырып жатқанын естідім. Өзім дүкенге бара жатқанмын. Үйдің маңында апалар отырды. Оларға жастарды шақырып, көмек берулерін сұрағаным сол еді, атылған оқтың дауысын естідік", - дейді Мария Амелякина есімді тұрғын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары