$ 494.87  520.65  4.91

100 жастағы әжей өзінің ұзақ жасауына сыра себеп болды дейді

Жүз жастағы британдық Дорис Олив Неттинг өзінің ұзақ жасауына сыра себеп болды дейді. Ол күніне Guinness сырасынан 1 шөлмек ішіп отыратыны жайында Metro басылымына берген сұхбатында айтты.

Англияның Плимут қаласында тұратын Дорис әжей сыра ішуді Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін бастапты. Оны әдетке айналдыруға аталған ішімдіктің құрамында темір элементі көп деген жарнама түрткі болған екен. Яғни, оның пайдалы екенін ести сала Дорис күн сайын сусынның бір шөлмегін ішіп отырған.

Немересінің айтуынша, дәрігерлер әжейдің сыра ішуіне қарсылық білдіріп, бірнеше рет тыйым салмақ та болыпты. Бірақ, ғасыр жасаған қарт әйел аталған сусынның емдік қасиеті барын айтып, одан бас тартпаған.

Неттингтің 100 жасқа толу туған күнінде қарттар үйіндегі қызметкерлер оған сыра кешін ұйымдастырып беріпті. Ал Guinness компаниясы өзінің адал клиентіне бірнеше бөтелке сыра мен чипсы сыйлаған. Бұдан бөлек, 100 жастағы қарт әжей Ұлыбритания патшайымынан хат алыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары