$ 439.43  473.31  4.82

«Ет жемегеніме 1 жыл болды»: Тәжікстан халқының 30% аш отыр (ВИДЕО)

Тәжістанда 2 миллион адам тойып тамақ ішпейді, бұл жалпы халықтың 30 пайызы. Әсіресе, жағдай ауылдық жерлерде ушығып барады деп хабарлайды Азаттық тілшілері.

Дәрігерлердің айтуынша, елде аурушаң балалардың саны күрт артқан. Өйткені олар ет атаулыны ұмытып, тек нанмен және көкөніспен ғана тамақтанады екен.

«Балаларды дәрігерге апарсақ, олар дәрумендердің жетіспейтінін айтады. Дәрілер жазып береді, біз қолдан келгенше ем қабылдаймыз», - дейді Фориза есімді тәжік келіні.

«Картофель, пияз, май және ұн ғана сатып аламыз. Міне, балалардың үстіндегі киімін көріп тұрсыз ғой, осыдан өзге түгі жоқ», - дейді Мухае Якубова есімді әйел.

«Қазір әкемнің қайтыс болған кезін есіме түсірейін. Бір жыл өтті. Сол уақыттан бері ет жеген жоқпын. Өйткені оны сатып алатын жағдайымыз жоқ. Егер жерді үлкенірек етіп берсе үлкенірек етіп үйді де салар едім, бау-бақша да өсірер едім. Ал, егер шағын жер берсе тек үй саламын, кейін дұрыстау жұмыс табуым керек», - дейді Абдумаджид Махмадраджабов.

Дәрігерлер болса қала мен ауыл балаларының арасында айырмашылық өте көп дейді. Қаланың балалары семіздікке жиі шалдықса, ауылда туған балалардың не салмағы жетіспейді, не бойы дұрыстап өспейтін көрінеді.

Тәжікстан билігі болса БҰҰ-ның осынау мәліметтеріне пікір білдіруден бас тартып отыр.

Айта кету керек, Орта Азияның өзге де елдерінде жаеғдай мәз емес. Мәселен, Қырғызстан халқының - 6,4%, Өзбекстан - 6,3%, Түркіменстан - 5,5%, Қазақстан халқының 2,5% тойып тамақ іше алмайды екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары