Қарағанды қаласында алғашқы «ақылды» аялдама пайда болды. Әзірге аталған аялдамалар темір жол вокзалының маңайындағы 45-орамға орналастырылды. Бұл жөнінде nv.kz жазады.
Бұл аялдаманың өзге аялдамалардан ерекшелігі сол, электронды тақтайшада автобустың нөмірі және қанша уақыттан соң келетіні туралы ақпарат көрсетіліп тұрады. Мұндай аялдама қалада әзірге бір ғана жерге орналастырып үлгерді.
Бұған дейін жергілікті атқамінерлері қала көшелеріне «ақылды» аялдама орнатуды қолға алғандығы жөнінде айтқан болатын. Қазір мұндай "ақылды" мониторларды сатып алуға жергілікті бюджеттен 10,5 миллион теңге бөлінеді деп жоспарлануда.