$ 443.85  474.3  4.8

Реджеп Ердоған өз резиденциясынан мешіт ашты

Түркия президенті Реджеп Ердоған Анкара қаласының Бештепе ауданында орналасқан резиденциясында жаңа мешіт ашты. Мұнараларының ұзындығы 60 метр болатын 3 000 адамдық мешіт осы аудандағы ең биік құлшылық ордасы атанды.

Мешіттің ашылу салтанатында Түркия президенті «Рағыд» сүресін оқып, құлшылық ордасының халық игілігіне қызмет ететін айтты.

«Бештепедегі жаңа мешіт біздің бірлігімізды нығайтып, мәртебемізді асқақтата түседі деген сенімдемін», – деп пікір білдіріпті Ердоған өзінің Твиттер парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары