$ 498.34  519.72  4.85

Қатарға "Qazaq Air" қосылды

Астанада "Qazaq Air" әуе компаниясының таныстырылымы өтті. "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорының мәлімдеуінше, жаңа Qazaq Air 12 бағытта жолаушы тасымалдайды.

Жолаушылар тасымалдауға Bombardier Dash 8 Q400 ұшағы қолданылады.​

Қызметінің алғашқы кезеңінде әуе компаниясы Алматы – Қостанай, Алматы-Павлодар, Алматы-Талдықорған, Алматы-Балқаш, Астана-Балқаш, Шымкент-Қызылорда, Ақтөбе-Қостанай, Ақтөбе-Атырау арасына аптасына үш рейс, Алматы - Астана арасына аптасына жеті рейс, Алматы – Шымкент арасына аптасына сегіз рейс, Шымкент- Павлодар арасына екі рейске дейін ұшады.​

«Qazaq Air» компнаиясының жобалау жөніндегі директоры Блэр Поллок әуе компаниясындағы бағалар қолжетімді деп хабарлады. Толық акциясы "Самұрық-Қазына" қорына тиесілі әуе компаниясы 20 шілдеден бастап жолаушылар тасымалдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары