Атырауда Астана күніне арналған мерекелік кеш кезінде отшашуға арналған приотехникалар жарылып кетіп, екі адам жарақат алды деп хабарлады 24.kz.
Оқиға сағат 22:30 шамасында болған. Жарылыстан екі адам жарақат алды. Олардың бірі – техникалық қызмет көрсетуші компания өкілі және екіншісі – полиция инспекторы деп хабарлайды облыстық ІІД Баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.
Техникалық қателіктерден болған жарылыстан зардап шеккен екі азаматқа жедел медициналық қызмет көрсетілген соң үйлеріне қайтарылды. Абырой болғанда, мерекелік гала-концертке жиылған көпшілік дін аман. Қазір құзырлы орган өкілдері осы оқиғаға қатысты тергеу-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.