Франциядан Нидерландыға келіп, сафариге шыққан бүтін бір отбасын жабайы гепардтар жеп қоя жаздады. Аталған жайт көліктегі видеотіркеуішке жазылып қалған деп хабарлайды The Daily Mail.
5 адамнан тұратын отбасы Beekse Bergen деп аталатын сафари-паркке келіп, жабайы табиғатта демалмақ болған. Парк қызметкерлері демалушыларға көліктен түсуге болмайды деп алдын ала ескерткеніне қарамастан, француз отбасы далаға шығып, аңдарды жақыннан көргісі келіпті.
Адамдар алыста жүрген жыртқыштарды бейнекамераға түсірмек болған. Сол сәтте мысық тұқымдастар дереу жүгіріп келіп, бүтін бір отбасын қоршап алады. Абырой болғанда гепардтар ересектерге де, кішкентай балаларға да шабуыл жасаған жоқ, тек "бұл аймақ біздікі" дегендей адамдарды қуып жіберген.