$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында бір үйдің кішкентай екі баласы суға ағып кетті

Алматы облысында екі бірдей бала суармалы канал суына тұншығып қайтыс болды деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Комитет өкілдерінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 13 мамыр күні Балқаш ауданындағы Бақбақты ауылында болған. 

"Үлкендердің қарауынсыз қалған кішкентай екі бала ойнап жүріп каналға құлап кетіп, тұншығып қайтыс болған. Екеуі де 2014 жылы туған, бір отбасының балалары", - делінген аталған хабарламада.

Дәл осы күні Атырау облысы Құлсары қаласында да 18 жастағы бозбала Жем өзеніне батып кетіпті. Құтқарушылар оның мәйітін жағаға алып шыққан. Марқұм 11 сыныпта оқиды екен. Ол шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары