$ 444.14  477.05  4.85

Селфиге түспек болған әйел 10 айлық сәбиін эскалатордан құлатып алды (ВИДЕО)

Үндістанда жас әйел 10 айлық сәбиін сауда орталығындағы эскалатордан құлатып алды. Салдарынан нәресте қайтыс болды деп жазады РЕН-ТВ телеарнасы.

Қайғылы оқиға бейнебақылау камераларына жазылып қалған. Онда әйел мен күйеуі баланы иыққа алып, эскалаторға мінген сәті анық көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, ер адам әйеліне селфиге түс деп ұсыныс айтыпты. Суретке түспек болған әйел тепе-теңдікті жоғалтып алып, иығындағы сәбиді құлатып алған.

Ата-ана мен орталыққа келушілер сәбиге көмекке жүгіргенімен бәрі кеш еді, алған ауыр жарақаты салдарынан нәресте сол жерде жан тапсырыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары