Астанада 2-3 жас шамасындағы баланың ат-анасы іздестіріліп жатыр.
Facebook қолданушысы 3 жасар қыздың "Мастер-2" ауданындағы химиялық тазарту орны мен автомобиль жуатын жердің арасында, Жаңа Абай көшесінің Лепсі көшесімен қиылысында жалғыз жүргені туралы хабарлама таратты. Қазақстандықтар бұл хабарламаны белсенді түрде бөлісіп жатыр.
Астана ІІД баспасөз қызметі бұл деректі растап отыр. "Сағат күндізгі 03.00 шамасында көшеде үш жас шамасындағы қыз баланың жалғыз жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына патрульді плоицейлер барды. Бүлдіршін Алматы ауданындағы полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазір қыздың ата-анасы немесе заңды тұлғалар іздестіріліп жатыр", - деді полицейлер.