$ 498.34  519.72  4.85

Adidas фабрикалары аяқ киімдерді қоқыстардан тігеді

Adidas фабрикалары мұхиттағы қоқыстарды қайта өңдеп, спорттық аяқ киім тігуді қолға алды. Бұл туралы Massaget.kz порталы хабарлады.

Adidas компаниясының жаңа спорттық аяқ киім теңізшілердің мұхитқа лақтырылған балық аулауға арналған торларынан жасалады. Компания өнімнің алғашқы прототипін де ұсынды. "Бір-біріне оралып қалған торлар мұхиттың экологиясын бұзып қана қоймай, астынан жүзіп өткен балықтардың жойылуына да себеп болып отыр. Жаңа аяқ киім Primeknit технологиясы негізінде толығымен қалдықтан дайындалады", - дейді Parley for the Oceans мұхит экологиясын қорғау ұйымының басшысы Кирилл Гатч (Cyrill Gutsch).

Мұхитта қалып қойған торлар ағыспен келетін әртүрлі пластикалық қалдықтарды да жинайды. Мұхит бетінен алынған пластиктер дәстүрлі жолмен қайта өңделеді. Сонымен қатар, Adidas компаниясы пластиктен спорттық футболкалар шығаруды жоспарлап отырғанын хабарлады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары