$ 498.34  519.72  4.85

Қарағанды полицейлері тәртіп орнату үшін қулыққа көшті

Қарағанды облысында жол-патруль полициясының қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары қалаға формасын шешіп, қарапайым адамдар секілді киініп шығып, жол ережесін бұзғандарды анықтады, - деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

"Автобус" деп аталған жедел алдын алу шарасы 30 маусым мен 2 шілде аралығында өтті. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, учаскелік полиция инспекторлары қарапайым киіммен қоғамдық көліктерге мініп, жүргізушілердің жол ережесін бұзған сәттерін анықтап отырды. "Шара кезінде 12 жүргізушінің көлікті мас күйінде жүргізгені анықталса, 156 рет жылдамдықты асыра пайдалану, 72 рет ұялы телефонмен сөйлесу, 101 тіркелген дерек бойынша қауіпсіздік белбеуін тақпағандығы үшін жазаға тартылды", - деп жазылған баспасөз хабарламасында. Жол-патруль полициясы қызметкерлерінің айтуынша, мұндай шаралардың жол қауіпсіздігін сақтауға тигізер пайдасы мол.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары