Қостанайда мас күйінде болған ер адам кішкентай қызын өзін тыңдамағаны үшін бауыздап тастаған деп жазады Tengrinews.kz.
Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 14-тармағының 2-бөлімі бойынша іс қозғалып, Қостанай облысындағы мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілген. Тергеу барысында мәлім болғандай, 2016 жылы түрмеден шыққан ер адам қызымен бірге әпкесінің үйіне көшіп барады. 2002 жылы дүниеге келген қызын көп уақыт бойы көрмегендіктен оны бауырына басып, өз тәрбиесіне алғысы келген екен. «2018 жылдың наурызында әңгімелесу барысында мас әке қызымен сөзге келіп қалған. Сол уақытта өзін тыңдамағаны үшін қызына қол жұмсап, бірнеше рет жанды жерінен пышақ сұққан. Соның салдарынан қыз оқиға орнында жан тапсырды» делінген сот таратқан хабарламада.