$ 494.87  520.65  4.91

Астанада Түркия азаматының көлігі өртеніп кетті (ВИДЕО)

Астанада жол бойында көлік өртеніп кетті. Бұл туралы видео бірден әлеуметтік желіге тарап кеткен болатын. Жанған автокөліктің жүргізушісі Түркия елінің азаматы болып шықты.  Оның айтуынша, көлік тоқтаусыз жүргендіктен моторына салмақ түскен.

«Трассада кетіп бара жатып, кенеттен көлік жүрмей қалды. Бұзылып қалған соң сыртқа шығып кеткен болатынмын. Сол-ақ екен, көлік лапылдап жана бастады. Көліктің моторы әбден ескірген, әрі қатты қызып кеткен. Өйткені бұл көлік 24 сағат бойы еш бос тұрмайтын. Күніне 210 мың шақырым жерге дейін жүріп тұрды. Өзі де ескі, қолданыста болғанына 12 жыл болған көлік» деді көлік жүргізушісі SN.kz-ге.

Сондай-ақ, түрік азаматы көлікпен бірге құжаттарының да түгелімен жанып кеткенін айтады.  Автокөлік осындағы түрік компанияларына тиесілі көрінеді. Ол Астанадағы «Қайырлы» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі ғимаратының қарсы бетінде өртенген. Абырой болғанда, көлік ішінде жүргізушіден басқа ешкім болмаған.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары