$ 494.87  520.65  4.91

Балқаш тұрғыны 3 жасар баланы сабап өлтірген

Қарағанды облысы Балқаш қаласының 30 жастағы тұрғыны өзімен бірге тұратын әйелдің үш жасар баласын өлтіргені үшін сотталды. Ер адам 23 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үш жасар сәбидің өліміне қатысты іс Қарағандының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Қайтыс болған сәбидің ата-анасының айтуынша, сотталушы сәбидің анасымен бірге тұрып келген. Осы оқиға болған күні әйел жұмысқа кетіп, үш жасар ұлы мен тұңғыш қызын ер адаммен бірге қалдырып кеткен. Қызы серуендеуге кеткен кезде сотталушы баланы өлгенше сабаған. Ер адам сол сәтте мас күйде болған. «Сот Қарағандыда өтті. Ер адам 23 жылға сотталды», -деп хабарлады қайтыс болған сәбидің туыстары. Еске сала кетейік, осыған дейін ер адам үш жасар сәбиді өлтіргенін мойындады. Ведомство мәліметінше, 24 ақпанда Балқаш қаласындағы пәтерлердің бірінен дене жарақаттары бар үш жасар сәби өлі табылған. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары