Англия ханзадасы Гарри мен актриса Меган Маркл кешегі аптаның сенбісінде үйленіп, той жасаған болатын. Жергілікті журналистер осынау салтанатты рәсімге 43 миллион доллар жұмсалғанын жазуда.
BriedBook порталының мәліметінше, журналистер қызмет көрсету агенттіктерінің бағаларыны есептей отырып, осындай көрсеткішке тоқтапты. Айтуларынша, аталған соманың тек 40 миллион доллары күзет қызметіне жұмсалған.
Сондай-ақ, некелесу рәсімі мен үйлену тойын ұйымдастырған компанияға 150 мың доллар төленсе, музыканттарға гонорар ретінде — 400 мың доллар, гүлмен безендірушілерге — 150 мың доллар, фотографтар мен операторларға — 23 мың доллар жұмсалған. Ал, тек той дастарханының өзі 385 мың доллар тұрады дейді басылым тілшілері. Бұл сомаға торттың бағасы кірмейді. Оған бөлек тағы 65 мың доллар төленген.
Десе де, той иелері осыншама ақша жұмсай отырып, 1 млрд доллардың үстінде пайда да тапқан көрінеді. Алайда, бұл жайында патшайым отбасы тіс жарған жоқ.