$ 494.87  520.65  4.91

ШҚО-да кенеден келетін боррелиоз немесе Лайм ауруына 5 адам шалдыққан

Дәрігерлер 1389 адамға көмек көрсеткен.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәлімдеуінше, биыл кене шағу оқиғасы бойынша дәрігерлер 1389 адамға көмек көрсеткен, деп хабарлайды Алтайньюс.

Оның ішінде Өскемен қаласы бойынша – 547 адам, Риддер – 155, Глубокое – 155, Зырян – 154, Шемонайха – 92, Ұлан – 29 адам дерігер көмегіне жүгінген.

Мамандардың айтуынша, эпидемиялық маусым басталғаннан бері кене шаққанда жұғатын қауіпті аурумен, яғни кене боррелиозымен (Лайм ауруы) 5 адам тіркелген. Олардың барлығы Зырян ауданының тұрғындары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары