Иранда саңырауқұлақ жеген мыңдаған адам жаппай уланып қалды. Олардың 15-і қайтыс болған деп хабарлады жергілікті Fars ақпараттық агенттігі.
Бұған дейін 11 адамның көз жұмып, 800-і ауруханаға түскені хабарланған болатын. Олардың саны сағат санап өсіп жатыр.
"Соңғы мәлімет бойынша, 1017 адам ауруханаға жеткізіліп, олардың 116-сы шұғыл түрде жатқызылды. Өкінішке қарай, 15 адам уланып қайтыс болды", - апатты жағдай қызметінің өкілі Моджтабу Халеди.
Айта кетейік, Иранда адамдардың саңырауқұлақтан жаппай уланып қалғандығы туралы ақпарат осыдан бірнеше күн бұрын тараған болатын. 19 мамырда 740 адамның дәрігерге көрініп, 9 адамның қайтыс болғаны туралы айтылған еді. Улану оқиғалары негізінен Керманшах, Күрдістан, Лурестан, Зенджан, Батыс және Шығыс Әзірбайжан мен Хамадан провинцияларында тіркелген.