$ 448.15  483.46  4.86

Алматыда жүйке дертіне шалдыққан жігіт ағаштарды сындырып тастады (ВИДЕО)

 Полиция мәліметінше, ұсталған ер адам психоневрологиялық диспансерде тіркеуде болуы мүмкін.

Алматыда ағаштарды бүлдірген ер адамды полицейлер ұстады.

Бұдан бұрын желіде пайда болған видеоға куәгер сынған ағаш бұталарын түсірген. Алматы ішкі істер департаменті күдіктінің ұсталғанын хабаралды.

«Алматы облысы Қаскелең қаласының 1991 жылы туған тұрғыны ұсталды. Оқиға өткен демалыста болған. Сол жерде орындықтарды да сындырмақ болыпты. Бастапқы деректер бойынша, ер адам облыстық психоневрологиялық диспансерде тіркелген. Қазір полиция бұл ақпаратты тексеріп жатыр. «Неге?» деген сұраққа ол ағаштар мен орындықтар «бөгет жасады» дейді, – деп мәлімет берді полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбек Sputnik Қазақстанға.

Аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары