Бүгін Алматыдағы "Халық банк" алдында басталған борышкерлер акциясы Алмалы аудандық ішкі істер басқармасы алдында жалғасты деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Борышкерлер банк алдындағы наразылық шарасы кезінде ұсталған бірнеше адам мен "Халыққа баспанасын қалдырайық" қозғалысының жетекшісі Сұлубике Жақсылықованы босатуды талап етті.
Борышкерлер қамалғандарды босатпайынша тарамайтындарын, қарсылық ретінде басқармаға жақын жолдардың бірін жабатынын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, проблемалық ипотекалары бар борышкерлер «Халық банк» Ұлттық банктің проблемалық ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру туралы шешімін орындамай отыр деп наразылық білдірген болатын.
Маусымда Ұлттық банк проблемалық ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға бөлінген 130 миллиард теңгенің жартысына жуығы – 63,2 миллиард теңге банктерге түсетінін мәлімдеген. Ұлттық банктің дерегінше, банктің проблемалық несиелер қоры келісім-шарт жасасқан екінші деңгейлі банктерге 63,2 миллиард теңге аударған.