$ 494.87  520.65  4.91

Шетел азаматына берілген қазақстандық бала қайтарылатын болды

Алматы облыстық сотының апелляциялық сот алқасы Ескелді ауданындағы Қарабұлақ кентінің тұрғыны Инна Лапшинаның ата-аналық құқығын қайта қалпына келтіру туралы істі қарады, - деп хабарлайды "24.kz".

Ол 2 жыл бұрын мамандандырылған сот шешімімен ата-аналық құқығынан айырылған. Арада бір жыл өткенде оның 6 жасар ұлы Валерий Лапшинді асырап алу жөнінде арыз берген шетел азаматының талабы қанағаттандырылған.

Айта кетейік, прокуратура органдары бұл шешімнің дұрыс емес екенін анықтады. Қазір бала Талдықорғандағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатыр. Ол таяуда анасына қайтарылатын болады.

«Іс апелляциялық сот алқасында қаралып, бірінші инстанциядағы сот шешімі бұзылды. Лапшина Инна Владимировнаның қайтадан ата-ана болу құқығы қанағаттандырылды және сот шешімі жарияланған уақыттан бастап заңды күшіне енді», - дейді облыстық прокуратураның төртінші басқарма прокуроры Жәнібек Қапсаламов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары