$ 494.87  520.65  4.91

Мәскеуде қазақстандық қыз жоғалып кетті

Мәскеуде полицейлер жоғалып кеткен 20 жастағы қазақстандық модель Динара Кисикинаны іздестіруде. 3 шілдеде Динара үйінен түстен кейін солярийге кетіп, қайтып оралмады деп жазады “Блокнот”.

Бойжеткен Мемлекеттік академиялық университеттің үшінші курсында білім алып жүрген. Бұдан өзге “Московская весна — 2014″ сұлулық байқауының финалисі атанған.

Құқық қорғаушылар Динараны іздестіріп, әзірге таба алар емес.

“Динара — жауапкершілігі мол қыз. Қызым қашан да уақытылы үйге келетін. Клубтарда қыдырмайтын. Әр уақытта қайда жүргенін айтып отыратын. Оның хабарсыз кетуі мені қатты алаңдаттырады”, – дейді Динараның анасы.

Ол қызының топта бірге оқитын 20 жастағы Руслан Гречихин есімді жігітпен кездесіп жүргенін айтты. Бойжеткеннің жақындары Подольскіде тұратын Русланға барып, қызын іздестіргеннен түк таппаған. Көп ұзамай 5 шілдеде Руслан да хабарсыз кетеді. Динара мен Русланның ұялы телефондары сөндірулі. Ал әлеуметтік желідегі парақшалары жойылған.

“Біздің мәліметтерге сәйкес, екеуі Сочи жаққа кетуі мүмкін. Русланның әкесі ұлының компьютерін ақтарып, жігіттің соңғы рет Сочидегі тұрғын үйлер туралы ақапарат іздестіргенін анықтады”- дейді Динараның анасы.

Русланның ата-анасы Динара мен Руслан, бойжеткен жоғалды деген уақыттта бірге Подольскіде тұрғандарын, кейін екеуі де із-түссіз кеткендерін айтқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары