$ 494.87  520.65  4.91

83 жастағы абитуриент Том университетіне тапсыруда

Алматылық Юрий Бойко Томск политехникалық университетінің ең егде магистранты атанбақ. Ресейлік ЖОО-ға түсуге құжаттар тапсырған 83 жастағы абитуриент "электр энергетикасы" мамандығы бойынша диплом алғысы келеді, деп жазды  «Экспресс К».

«Мен маужырап жүре бермей, жетілу үшін магистратураға түстім", - деп өз ойымен бөлісті инженер-механик Юрий Бойко. Ол алматылық  «Агропромтехремонт» кәсіпорнын 20 жыл басқарып келеді. Ал бұған дейін 12 жыл КСРО Құрылыс және сәулет академиясының бас конструкторы болды.

«Жұмыс пен оқуды қатар алып жүру үшін ресейлік ЖОО-да қашықтықтан білім алғым келеді, мен тау өзендеріне 50 жыл жұмыс істеп тұрған ГЭС салдым. Үлкен Алматыда электр стансасын, Талғар ГЭС-і мен Қызылорда маңында жаңа бөгет құрылысын салдым», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары