09.07.2015, 18:00

Қытай үлкен дағдарыстың алдында тұр

yvision.kz

"Бүгінде көпшіліктің назары Грецияда. Ал, әлемге Қытай мемлекетінен экономикалық үлкен апат келеді деп күтілуде", - деп  «Die Wilt» неміс газетіне сілтеме жасап Nur.kz хабарлайды.

Басылымның айтуынша ҚХР-ның бірер айдағы биржалық индексі күрт төмендеп кеткен. Шығын көлемі 3 триллион евроны қамтып отыр. Бұл дегеніңіз Грецияның мемлекеттік қарызынан да басым.

Дағдарыстың бірден бір себебі-соңғы екі жылдағы кредит ауқымының күрт көбейіп кетуі.

Қытай акционерлерінің жағдайы ушығып неміс көліктерін сатып алудан бас тартты. Яғни дағдарыс Германия мемлекетіне де кері әсерін тигізуде. Қытайдың дағдарыс базарына түсуі Токионың индексінің төмендеуіне алып келді.

Эксперттердің пайымдауынша, Қытайдағы болып жатқан жағдай әлемге қаржылық тұрақсыздық алып келуі мүмкін деп болжануда.