09.07.2015, 18:00

Мұғалім үш қыздың өмірін сақтап қалды

today.kz

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ертіс өзенінде батып бара жатқан үш қыздың өмірін сақтап қалды деп хабарлайды «Нива»газеті.

Солтхан Мендібай балаларын ерітіп Ертіс жағасына серуенге шыққан. Кенет ағысы қатты өзеннен көмекке шақырған қыздарды көріп, дереу құтқаруға  кіріседі.

Дереу жеткен жігіт суға секіріп түсіп, үшеуін аман алып қалады. Ал төртіншісі судан құтқарылғанмен деп жетпей жағалауда көз жұмды.

«Үшеуін жағаға апарғанша біраз уақыт өтті және су тасқыны қатты болғандықтан өзім де әлсіреп қалдым. Мен оны жағаға алып шыққанымда демалмай жатты»дейді ол.