28.05.2018, 03:34

Сәбиді аяусыз ұрып соққан оқиғаның қайда түсірілгені белгілі болды

Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде әйелдің кішкентай емізулі сәбиді аяусыз ұрып-соғып, тепкіге алған видеосы тарап кеткен болатын. Алғашында желі қолданушылары мұны Қазақстанда болған деп жазса, артынша қырғызстандық БАҚ өкілдері өз елдерінде болған болуы мүмкін деген ақпарат таратты.

Анықталғандай, жантүршігерлік жағдай екі елде де болмапты. Kaktus.media порталының жазуынша, видео Перудегі қалалардың бірінде түсірілген және ешқандай да монтаж емес.

Қырғыз журналистері анықтағандай, оқиға мамыр айының басында болған. Кадрлардан әйел адамның кішкентай сәбиді алдымен ұрып, кейін қабырғаға бар күшімен соғып, теуіп, артынша пышаққа жармасқанын көруге болады. Ал, мұның бәрін оның досы бейнекамераға түсіріп тұрған.

Алған жарақаттарынан сәби қайтыс болыпты. Ал, оны ұрып-соққан әйел анасы, камераға түсірген еркек әкесі екен.

Оқиға өліммен аяқталған соң ата-ана полицияға барып, баласының науқастан шетінеп кеткенін айтқан. Алайда, ішкі істер органдары әйел мен ер адамға сұрақтар қоя бастағанда екеуі де сөзден жаңылып, күдік туғызыпты. Соңында өз балаларын өлтіргенін мойындап қойыпты.

Тегтер: микс Перу