28.05.2018, 11:26

13 жасар бала Қостанайдағы бәйгеден екі көлік ұтты

 Қостанай ауданының Заречный ауылындағы «Арғымақ» ипподромында 2018 жылғы ат спорты маусымы ашылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Салтанатты ашылу рәсіміне жергілікті атқарушы билік өкілдері, ардагер спортшылар қатысты. Облыстық филармонияның әртістері концерттік бағдарлама ұсынды. Әуелі, жиылған жұртқа әуесқой спортшылар «Қыз қуу» ойынын көрсетті. Сонымен қатар, әуесқой спортшылар садақ тартуға да шықты.

Бәйге десе, делебесі қозбайтын қазақ бар ма?! Бұл жолғы бәйгеге республиканың түкпір-түкпірінен және Ресейден барлығы 88 тұлпар әкелінді. Әуелі 3 шақырымдық тай жарысының жеңімпаздары анықталды. Бірінші орынды алматылық Бақыт Сәдуақасов есімді шабандоз иеленді. Оған 300 мың теңгенің сертификаты тапсырылды.

Келесі кезекте - 9 шақырымдық тоқ бәйге. Тоқ жарысқа түскен топ ішінен 13 жасар Ақжол Жұматайға тең келер ешкім болмады. Оған «Peugeot» көлігі сыйға тартылды.