$ 449.58  486.94  4.86

Бойжеткен жігітін соңғы рет сүйемін деп алдап, тілін тістеп жұлып алмақшы болды (ВИДЕО)

Қытайда 23 жастағы жігіт кездесіп жүрген қызына айрылысқысы келетінін айтып, онымен қоштаспақ болады. Бірақ соңғы рет сүйісуін сұраған бойжеткен оның тілін қыршып тістеп алған. Жігіт жан-ұшыра айғайлағанымен қыз тістеген жерін жібермепті. Ол бұрынғы сүйіктісінен осылай өш алмақшы болған деп жазады Mirror.

Куәгерлер бұл сәтті телефон камерасына түсіріп алған. Көшеде өтіп бара жатқандардың бірде-біреуі жігітке көмектесе алмапты. Өйткені қыз сүйіктісінің тіліне кенедей жабысып алған. Артынша полиция қызметкерлері келіп, қызға көз ашытатын газ шашып, екеуін ажыратқан.

Полицейлер тілінен ауыр жарақат алған жігітті ауруханаға жіберіп, бойжеткенді бөлімшеге алып кетеді. Қыздың ата-анасы келіп, полицейлерге оның психикалық ауытқуы бар екенін айтқан. Ол соңғы бес жылда арнайы дәрі ішіп келіпті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары