Экс-депутат Мұрат Абеновтың Facebook парақшасында жаға ұстарлық бейнеролик жарияланды.
Видеода белгісіз үш жігіт бөлтіріктерді аяусыз өлтіріп қана қоймай, оларді әбдеп азаптайды. Және бұл істерін ұялмастан камераға түсірген. Бұрынғы вице-министр роликтегі "фигуранттарды тауып, оларды жауапкершілікке тартуды" талап етті.
Түсірілім 11 шілде күні Ақтөбе қаласының Руайти Кэйзэт есімді тұрғынның парақшасында жарияланған. Соған қарағанда оқиға Ақтөбе облысына қарасты мекенде болуы мүмкін.