Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевқа Батыс Қазақстан облысының «Құрметті азаматы» атағы берді. Бұл туралы БҚО әкімінің кеңесшісі Жарқын Жұмаділов өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді.
«Облысты 3 жыл басқарған, күні кеше 63 жасқа толған Қырымбек Көшербаев БҚО-ның «Құрметті азаматы» атанды», – деп жазды Жұмаділов.
Сондай-ақ маслихатының шешімімен Оралдағы 5 шағынауданға Қадір Мырза Әлі аты берілді.