13.07.2015, 18:00

Хафиз Саид тірі екен

http://www.azattyq.org/

"Ислам мемлекеті" (ИМ) Ауғанстандағы лидерлерінің бірі Хафиз Саидтың тірі екендігін айтты. Олар өздеріне тиесілі сайттардың бірінде Хафиз Саидтың дауыс хабарламасын жариялады.

Осыдан үш күн бұрын 10 шілдеде Ауғанстан Ұлттық қауіпсіздік қызметі ИМ экстремистік тобының Ауғанстандағы үш лидері - Маулави Шахидулла Шахид, Гүл Замн Фатех және Хафиз Саид Ауғанстан шығысында әуе шабуылдары кезінде қаза тапқанын хабарлаған еді.

Ауғанстандық тарап олар 7 шілдеде Нангархар уәлаятындағы Ачин ауданында мерт болған деп мәлімдеген.