Астанада халал ет өнімінің құрамынан шошқаның ДНҚ-сы табылды деп хабарлайды елордалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі.
«Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өнім қауіпсіздігін бақылау аясында 330 үлгіні, соның ішінде 33 ет өнімін сатып алды. Зертханалық зерттеу қорытындысы бойынша 33 ет өнімінің бесеуі Еуразия экономикалық одағы техникалық регламентінің таңбалау бойынша және төрт үлгісінен қауіпсіздік көрсеткіші (шошқа ДНҚ-сы) бойынша талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде нақты мысалдар келтірілді.
«Шошқа ДНҚ-сы» мына өнімдерде табылды: «Байрам» халал піскен шұжығы, «Бақташы» және «Silla» сиыр етінен жасалған пісірілген шұжық, Ақтөбеде жасалған «РОКОС Ко» ЖШС, сондай-ақ «Целых из Петропавловска» ЖК өндірген «ХАЛАЛ» және «мұсылман» тұшпаралары», - деп нақтылады ведомствода. Сондай-ақ, өндіруші өнімнің құрамында шошқа етінің бар екенін көрсетпей, тұтынушыларды адастырған.
Дереккөз: ҚазАқпарат