$ 494.87  520.65  4.91

Ресейлік азамат өз баласын ғаламтор арқылы сатпақ болды

24 жастағы Липец тұрғыны өзінің 3 жасар баласын ғаламтор арқылы сатпақ болған. Ол баласын  1,5 млн рубль-ге бағалаған, деп хабарлайды  SkifNews.kz «НТВ» арнасына сілтеме жасап.

Өз ойын жүзеге асырмақ болған қатыгез әке, ғаламтор арқылы хабарландыру таратады. Көп уақыт өтпей-ақ, 10 шілде күні ол сатып алушылармен де кездеседі.

Жігіт, полиция қызметкерлеріне түсінікті беру кезінде, өз әрекеті үшін  еш өкінбейтіндігін жеткізген.  Ол баласының  ештеңеден таршылық көрмей өскендігін қалаған.

Тергеу амалдары жүргізілуде. Ал 3 жасар  сәби  балалар үйіне орналастырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары