$ 442.05  474.14  4.74

Алматыда минивэн жүк көлігіне соқтығысып, бойжеткен қыз қайтыс болды

Алматыда Toyota маркалы автокөлік жүк көлігіне соқтығысып, салдарынан жас қыз қайтыс болды деп мәлімеді СТВ телеарнасы.

Жол көлік оқиғасы Рысқұлов пен Сүйінбай көшелерінің қиылысындағы көпірде болған. Куәгерлердің айтуынша, Toyota батыс бағытқа қарай жүріп бара жатып, жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалыпты. Жеңіл автокөлік жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, шығыс бағытқа қарай жүріп бара жатқан SKOVA жүк көлігіне соқтығысқан. Салдарынан Toyota-ның жүргізушісі - жас қыз оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі таңда жол апатының себеп-салдарын полиция анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары