Астананың тергеу абақтысында ер адам көз жұмды деп жазады Tengrinews.kz.
Бұл ақпаратты ҚР ІІМ ҚАЖК Қылмыстық атқару жүйесінің департаменті растады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, ер адам 2018 жылдың 26 мамырында ЕЦ-166/1 мекемесінде (тергеу абақтысы) мезгілсіз көз жұмды. «Медициналық анықтама бойынша 2018 жылдың 26 мамырында тергеу абақтысында отрыған ер адам есінен танып, жедел жәрдем шақыртылған. Алдын ала болжам бойынша өлім себебі: өткір жүрек-қан тамырының жетіспеушілігі. Қазіргі таңда Астананың ҚАЖК-нің департаменті аталған дерек бойынша қызметтік тергеу жүргізіп жатыр», - делінген департаменттің ресми жауабында.