Нидерланд премьері Марк Рютте сейсенбі күні парламентке жұмыс кездесуімен келген. Саясаткер кіреберістегі турникеттен өтіп бара жатқанда, аппаратқа ілініп қалып, қолындағы қаймақ қосылған кофесін төгіп алған.
Болған жағдай Рюттені түк те абыржытпаған, бірақ осыдан кейінгі жағдай бәрін таңқалдырған. Күзет еден тазалаушыны шақырған кезде, премьер швабраны алып, төгілген кофені өзі тазалаған.
Куәгерлер саясаткер швабраның ұзындығын өзінің бойына сай реттеуге болатынын білмеді дейді. Бірақ соңында премьер жерге төгілген кофені мұнтаздай етіп тазалаған, ал турникетке шашыраған кофені қағаз сүлгімен сүртіп алған.
Рютте – социалист, "Бостандық және демократия үшін" халықтық партиясының лидері. Ол осымен екінші мерзімге премьер болып сайланған. Соңғы рет 2017 жылдың көктемінде ұлтшыл позицияны қолдайтын "голландық Трампты" жеңген. Премьерлікке дейін ол ұзақ жылдар бойы Unilever компаниясында жұмыс істеп, қызметкерлерге мотивация берумен айналысқан.
Дереккөз: Азаттық