Тайландта 24 жастағы Пуккапонг Читтар бұрынғы қызы Натхари Япрадитті атып өлітріп, оның мәйітін полиция келгенше құшақтап жатқан деп жазады Life.ru.
Оқиға студенттер жатақханасының алдында болған. Құрбысымен кетіп бара жатқан сүйіктісімен бұрынғы жігіті сөйлескісі келеді. Бірақ Натхари бұдан әрі қарым-қатынастарының жалғаспайтынын түсіндіреді. Сол кезде ер азамат оны кеуде тұсынан атып, полиция келгенше қыздың мәйітін құшақтап жатқан.
Қыздың қасында тұрған құрбысы қорыққанынан кетіп қалған. Бірақ болған жағдайдың бәрін ол полицияға куәгер ретінде баяндап берді.