Мичурин ауылында 28 жастағы ер адам оқиға орнында жан тапсырды. Қасындағы құтқарып қалмақ болған 37 жастағы әріптесі ауыр халде ауруханаға жеткізілді, деп жазады pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық еңбек басқармасында ер азаматтың екеуі де құдық қазғанын мәлім етті.
«1990 жылы туған азамат жұмыс басталмас бұрын шұңқырға секірген. Сол кезде топырақтың үйіндісі үстіне аударылды. Ал 1981 жылы туған ер адам оны құтқарамын деп өзі де топырақтың астында қалды. Қазіргі уақытта Павлодар ауданы Мичурин ауылында болған оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Оқиға орнында қанша адам болғаны және олардың қандай бір өнеркәсіппен еңбек шарттары бар ма, әлде жоқ па әзірге белгісіз. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлер аман қалған 37 жастағы ер адамның жағдайын ауыр деп бағалауда», – деді мемлекеттік еңбек инспекторы Абылай Сабыров.