$ 494.87  520.65  4.91

101 жасытағы қарт 94 метр биіктіктен арқанмен түсті

Ұлыбританияның экстремалды спорт түрлеріне әуес тұрғыны 101 жасында жаңа рекорд орнатты, деп хабарлады The Guardian.

Абсейлинг әлеміне белгілі қарт әйел Портсмутте Спинакер мұнарасын бағындырды. Дорис Лонг 94 метр биіктіктен арқанмен түсуден өз рекордын жаңартып, әлемдегі ең жасы үлкен  абсейлер атанды.

Абсейлингті спортшы бұл ісін қайырымдылық бастамасына айналдырып жіберді. Мақсаты - жергілікті хоспис үшін қаражат жинау.

Басылым жазғандай, Лонгтің бұл әрекетіне жаңбыр мен жел  кедергі бола алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары