Ислам дінін ұстанатын, жалғызбасты адамдар үшін смартфондарда танысуға арналған қосымша пайда болды. MyDiaspora қосымшасы мұсылман қағидаларына барынша сай жасалыпты.
Қосымша Ресейдің тұрғылықты емес халқына арналған. Оның көмегімен сол қалада тұратын өз ұлтықның адамдарын табуға болады. Қосымшаны жасау барысында құрастырушылар көптеген адамдардың өтініші бойынша екінші әйел іздеу мүмкіндігін де қосыпты. Жобаның негізін салушы Арсен Қазыбековтың айтуынша, бірінші күйеуінен баласы бар көптеген христиан әйелдері екінші әйел болуға қарсы емес дейді.
Басында қолданушыларға қаржылық жағдайы, ішімдік пен темекіге қатысы және қандай жар іздейтіні туралы сұрақтар қойылады. Анкетаны толтырған соң «интернет-жеңгетай» сіздің шарттарыңызға сай адамды ұсынатын болады.
Әйел адамдарға болашақ жарының ұстанатын дініне ауысу мүмкіндігі, ағалары мен әкесі туралы сұрақтар қойылады. Одан бөлек, жеке чатқа ағасын не әкесін қоса алады. Бұл екі адамның әдеп сақтап сөйлесіп отырғанына сенімді болу үшін жасалған.
Қосымшаны жасауға 150 мың доллар кеткен. Жоба авторлары алдағы 5 ай ішінде бұл сома қайтады деп отыр. Бүгіннің өзінде аталған қосымшаны 10 мың адам жүктеп үлгеріпті. Сөйлесу барысында өзіңіз рұқсат етпесеңіз, сіздің суретіңізді ешкім көре алмайды.