07.06.2018, 06:46

Шымкентте қарақшылар Астана тұрғынынан 14 млн теңгесін тартып алмақ болған

4 маусымға қараған түні Шымкентте қарақшылар астаналық әйелдің 14 миллион теңгесін тартып алмақшы болған. Бұл туралы ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

14 миллион теңгесі бар сөмкені әйелден тартып алмақшы болған қарақшыларды автокөлік жүргізушісі тоқтатпақ болған. Бірақ сол жерде оны пышақтап, қылмыскерлер қашып кетеді. Ал көлік жүргізушісі ауыр халде ауруханаға жеткізілген. «Жедел-іздестіру нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстады, олар ОҚО тұрғындары болып шықты. Күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі таңда қарақшылық шабуыл жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, басқа да қылмысқа қатысы бары анықталуда», – дейді ІІД баспасөз қызметі. Аталған жайт ҚР ҚК-нің «Қарақшылық» және «Адам өлтіруге оқталу» баптары бойынша СДТБТ-не тіркелген. Шымкент қаласының құқық қорғаушылары тұрғындардан ақша мен бағалы заттарына мұқият болуды ескертті.