$ 494.87  520.65  4.91

ТЖД астаналықтарды теректің ақ мамығынан сақтануға шақырды

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті терек мамықтарын өртеу өте қауіпті екендігін ескертеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Балалар терек мамықтарын тұтандырып ойнауға әуес келеді. От жалынының «ақ кілем» үстімен тез таралатындығына қызыға қарайды. Алайда мұндай ермек істердің үлкен өрттің туындауына, тіпті адам өліміне әкелуіне себепші болуы мүмкін.

Былтыр терек мамықтарын жағу салдарынан нысандар мен құрылыстарға өрт таралу оқиғасы тіркелді. Мәселен, Гете көшесінде 2 факт тіркелді, оған терек мамықтарын жағу себеп болған. Өрт салдарынан үш гараж бен үш шаруашылық құрылысы зақымдалды.

Балалар ғана емес, ересектер де шылым немесе сіріңкені сөндірмеген күйде лақтырып, терек мамықтарының тұтануына себепші болады. Терек мамықтары тез тұтанады, оқ-дәрі секілді жойқын күшпен жан-жаққа тарап, соңынан қара түтін қалдырады. Өрт санының артуына себеп болады. Әсіресе ағаштан жасалған құрылыстар, сондай-ақ гараждар мен көлік тұрақтары өрттің шығу қаупіне бейім. Егер бұлардың маңында газ құбырлары болса, жағдай тіпті қиындай түседі. Сондықтан баршамызға сақ болған жөн.

Осыған орай Астана қаласының ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына қарапайым өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігін ескертеді, талаптар орындалмаған жағдайда соңы орны толмас қайғыға соқтыруы ықтимал.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары