$ 442.05  474.14  4.74

Алматы облысында қаныпезер жесір әйелді балаларының көзінше зорлап тастаған (ВИДЕО)

Алматы облысы Жамбыл ауданы Шиен ауылының тұрғындары полицияның немқұрайлығынан екі жылдан бері ауылымыздан тыныштық кетті дейді. Қазір мұндағы қыз келіншектер үйде жалғыз қалғаннан қорқады. Себебі Шиендіктердің айтуынша, ауылда жалғызбасты әйелдерді әдейі торуылдап тонайтын қаныпезер пайда болған деп хабарлайды  31 телеарна.

2 жылдан бері ешкімге ұсталмай жүрген қарақшының басынғаны соншалық, ол Шиен ауылының тұрғыны Әйгерім есімді келіншекті бала-шағасының көзінше зорлап кетіпті.

 Сұмдық жағдай түнгі сағат төрттер шамасында болған. Сол күні мынадай бетперде киген азамат есікті сырттан бұзып кіріп, топырақтар әлі жатыр, мына ысқышпен есікті іштен мықтап байлаған. Содан кейін мына жерге келіп отырып, өзінің арағын аяғына дейін бітіріп ішкен екен. Әйгерімнің оянғанын байқаған ол жүгіріп келіп, Әйгерімнің мойнынан қылқындырып бала-шағаңмен өзіңнің жаныңның амандығы керек болса тыныш жат деп ойына келгенін істепті.

– Мен қаншама рет полиция шақыртып, прокуратураға да звондадым. Бірақ, қазір телефонға жауап бермейтін болды, - дейді Әйгерім.

Шиенде учаскелік полиция пункті жоқ. Жедел шақырылған полиция алыстағы Дегерес деген ауылдан әрең жететін көрінеді. Осыны білетін қарақшы көптен бері жалғызбасты әйелдер мен үйде жалғыз қалған келіншектерді тонауды әдетке айналдырды дейді ауылдықтар. Қарақшының қолтаңбасын Шиендегі біраз адам біліп қалған екен.

– Саусақ іздері қалды. Полицейлер базада жоқ деп қарамады да. Жүріп-жүріп, түк таппай кетіп қалды. Өздерің табасыңдар деді, - дейді Шиен ауылының тұрғыны Феруза Бүркітбаева.

 

Дегерестегі жауапты учаскелік полицейлерді жұмыс орнынан таппадық дейді телеарна тілшілері. Есікте көрсетілген телефонға да қоңырау шалыпты, бірақ сөндірулі. Ал, Алматы облыстық полициясы Шиен мәселесі назарсыз қалмайтынын айтып отыр.

– Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің басшылығы Шиен ауылына жіберілді. Қазір бүкіл қылмыстық істер ашылмаған зорлық болсын, ұрлық болсын қазіргі кезде облыстық департаменттің бақылауында, - дейді Алматы облыстық ІІД баспасөз хатшысы Көбейхан Нұрахмет.

Жыл басынан бері Шиен ауылында тоғыз қылмыстық іс тіркеліп, оның жартысы ашылыпты. Ал ауылдықтар бұл қылмыстардың артында бір ақ адам тұр ма деп күдіктенеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары