$ 494.87  520.65  4.91

Қырғыз-түрік лицейлеріне қатысты тағы дау туды

Қырғызстан парламентінің депутаты Абдывахап Нурбаев түрік елшісінің "Сапат" мектептері туралы мәлімдемесін Қырғызстанның ішкі ісіне араласу деп бағалады. Депутат қырғыз дипломаттары оған тез арада жауап беруі керек деп есептейді.

"Түркия елшісі Балыкчида "Сапат" мектебін ашуға қарсы шығып, бұның қырғыз-түрік қарым-қатынасына кері әсер ететінін ескерткен. Оның бұл мәлімдемесі дипломаттарға жат қылық. СІМ жауап қайтаруы тиіс", - деді ол 6 маусымда Жогорку Кенеш отырысында.

Түркияның Қырғызстандағы елшісі Женгиз Камил Фырат Балықшыда "Сапат" мектебінің ашылуына Түркия риза еместігін, бұның Түркия президенті Режеп Ердоғанның Қырғызстанға сапарына кері әсер етуі мүмкін екенідігін мәлімдеген.

2016 жылы Түркия "гүленшілердің" Қырғызстанда ықпалы жоғары екенін айтып, қырғыз билігін оларға тыйым салуға шақырған. Бірақ сол кзеде Алмазбек Атамбаев үкіметі түрік билігінің әрекетін Қырғызстанның ішкі ісіне араласу деп бағалаған еді.

Қырғызстанда Гүлен ізбасарлары ашқан бірнеше білім және мәдениет ұйымдары жұмыс істейтінін атап өту керек.

Дереккөз: centralasian.org

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары