$ 494.87  520.65  4.91

Ерке Есмаханның мүфтиятта қызмет ететін ағасы Бас мүфтидің атынан Ақтөбеде ауызашар берді

Ақтөбе облысының бұрынғы имамы Бауыржан Есмахан жерлестерін Рамазан айымен құттықтады. Ақтөбеде бірнеше жылдық имамдық қызметтен кейін министрлікке ауысқан ол жерлестерімен ауызашар дастарханда жүздескеніне қуанғанын жеткізді.

«Бүгін сіздермен бірге ауызашарға қатысып отыраныма қуаныштымын. Қырықтың бірі Қыдыр дейді. Осы отырған кісілердің қатарында міндетті түрде дұғасы қабыл болатын бір адам болады. Сол кісі дұға жасалғанда «әмин» десе, Алла барлығымыздың тілектерімізді қабыл етеді. Рамазан айында исламның бес парызының бірі – ораза орындалады. Қайта-қайта оқыған сайын ешкімді жалықтырмайтын Алланың хабары құран кітабымыз да осы рамазан айында түсірілген. Онда мың айдан да қадірлі қадір түні бар. Рамазанның алғашқы он күнінде Алланың мейірімі жауады, ортаңғы он күнінде Алланың кешірімі жауады, ақырғы он күнінде тозаққа баруы міндеттелген кісілер тозақтан шығарылады», –  деді еліміздің наиб мүфти Бауыржан Есмахан.

Наиб мүфти жерлестерін ауызбіршілікте болуға шақырды.

«Бір дінді ұстап, бір құранды оқып, бір имамның артында намаз оқып тұрып біздердің әртүрлі жамағатқа бөлінуіміз мұсылман қауымына үлкен сын. Имамға ұйыған бірлігімізді мешіттің ішінде ғана шектеліп қалмай, әрбір уақытта сақтауымыз керек. Алла еліміздің бірлік ынтымағын арттырып, оған біздердің де үлес қосуымызды нәсіп етсін», – деді ол.

Ал облыстың өкіл имамы бас қаладан келген қонақтарға алғыс айтып, ауызашар дастарханы республикалық деңгейде өтіп жатыр деп баға берді.

Ауызашар дастарханында құранды үздік оқитын шәкірттерге құран кітабы мен алғыс хаттар табысталды.

Дереккөз: aktobenews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары